«Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 Қаулысы (2025.09.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 Қаулысы

(2025.09.06. берілген өзгерістермен)

 

Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 145 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 94-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысы әкімі

Н. Уранхаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

Министрлігінің Абай облысы бойынша

экология департаментінің басшысы

С. Сарбасов

2023 жылғы «_____» _____________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

комитетінің Абай облысы бойынша

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысы

Н. Ноғайбаев

2023 жылғы «_____» _____________

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрлігі Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

бассейндік инспекциясы басшысы

Р. Иманбет

2023 жылғы «_____» _____________

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрлігі Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.