Осы редакция 2017 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 16 маусымдағы
№ 227 қаулысымен бекітілді
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламенті) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелді) бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) кезек күту тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жер учаскесінің орналасқан орны бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммериялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;