«Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 285 Қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 285 Қаулысы

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қарашадағы № 322 «Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8909-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі

Е. Кошербаев

 

«Келісілді»

«Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және

қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы»

республикалық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы «___» _______________

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2023 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 285 қаулысына

қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2021 жылғы «8» қарашадағы

№ 322 қаулысына

1-қосымша

 

 

Шығыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.