(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕРІКТІ ТҮРДЕ ЖӘНЕ МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН БАНКТЕРДІҢ,...

Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 Қаулысы

(2022.18.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 40 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.20.09. № 93 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 74-5-бабының 7-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 40 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің (бұдан әрі - таратылатын банк), қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі - қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) тарату комиссиялары беретін есептердің және қосымша ақпараттың мынадай нысандары бекітілсін:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің балансының нысаны;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес таратылатын банктің баланстан тыс шоттары бойынша есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес таратылатын банк активтерінің жай-күйі туралы есептің нысаны;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есептің нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.