«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 343 бұйрығы

«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 343 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.

«1) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен»;

3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынылады»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері бөлек (жеке) меншіктегі (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңының және тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының және барлық тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңының сомасына қатынасымен айқындалады»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.