Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 Қаулысы
(2018.31.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2042 жылға дейінгі кезеңге «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі;
«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.31.07. № 476 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Астана қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА-ның аумағы 631,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
1) инвестицияларды тарту, қолда бар және тартылған озық технологияларды, ноу-хау пайдалану, заманауи инфрақұрылымды құру жолымен Астана қаласын инновациялық дамыту;
2) тиімділігі жоғары, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;