«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 19 наурыздағы № 124-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығына келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«74) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 144-1), 144-2), 144-3), 144-4), 144-5), 144-6) және 144-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«144-1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу;
144-2) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу қағидаларын әзірлеу;
144-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық жеке-дара археологиялық олжаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беру қағидаларын әзірлеу;