11. Осы Заңның 47-бабында көзделген құқықты пайдаланған, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде өзін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған ақшаны өтеуге міндетті.
12. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оны әскерге шақыру мерзімі ауыстырылған жағдайда әскери қызмет мерзімі өткенге дейін қызметтен шығарылуға жатады.
13. Әскери қызметтен шығарылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметтен шығару туралы шешімге шағым жасауға құқылы.
26-1-бап. 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтарды әскери қызметке шақыру - бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру:
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиялары құрылады.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті.
5. Уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келгеннен кейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмаса, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.
7. 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары - медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады;
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді;
3) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әскери қызметке шақыруға жатады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырудан босатылсын;
4) әскери міндеттi атқарудан босатылсын.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
4. Уәкілетті органдардың басшылары денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жояды және олар әскери ант қабылдағанға дейін оның орнын басқа адаммен ауыстыра отырып, әскерге шақыру комиссиясына қайтарады.
29-бап. Медициналық комиссиялар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:
1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) əскерге шақырылушыларды;
3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға (əскери факультеттерге), Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.
2. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Медициналық куәландыру тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргізу қағидасында айқындалады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері
Əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар көрсетілген күні мен уақытында жергілікті əскери басқару органының шақыруы бойынша (медициналық куəландыруға немесе зерттеп-қарауға, зерделеу жүргізуге, əскерге шақыру комиссиясының отырысына немесе əскери қызмет өткеру үшін əскери бөлімге (мекемеге) жіберу, сондай-ақ əскери қызметке қатыстылығын айқындау үшін) келуге міндетті.
Шақыру келу күніне дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жəне (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мəтіндік хабар арқылы шақыру қағазын жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Ұялы байланыстың, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген абоненттік нөмірі туралы мəліметтер болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы қолма-қол жеткізіледі не тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша пошта арқылы жіберіледі. Жергілікті əскери басқару органдарының уəкілетті адамдары, ұйым басшысы не пошта операторының курьері шақыру қағазын əскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа оның қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етеді.
Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан кезде оны табыс ететін адам шақыру қағазына тиісті белгі жасайды, ол жергілікті əскери басқару органына қайтарылады. Шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан азамат тиісті түрде хабарланған болып табылады.
Қажет болған кезде қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы əскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа жергілікті əскери басқару органында табыс етіледі, бұл ретте келу күні келесі күннен кешіктірілмей белгіленуге тиіс.
Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат шақыру қағазын мынадай жағдайларда:
1) өзі жергілікті əскери басқару органына берген не азаматтың атына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша алса, жеткізілгенін растайтын есеп алынған кезде;
2) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мəтіндік хабар жіберіле отырып, «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетінде;
3) тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша алса, сондай-ақ шақыру қағазын жергілікті əскери басқару органында алған кезде тиісті түрде хабарланған болып табылады.
Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне жəне (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мəтіндік хабарды, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің өзгеруіне байланысты оқымаған жағдайда, ол тиісті түрде хабарланған деп танылмайды.
Əскерге шақырылуға жататын азамат шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дəлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған жергілікті əскери басқару органын хабардар етуге міндетті.
Əскери қызметке шақырылуға жататын, шақыру туралы тиісті түрде хабарланған азаматтың келмеуінің дəлелді себептері мыналар болып табылады:
1) адамды келу мүмкіндігінен айыратын сырқат;
2) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы;
3) дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер;
4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу.
Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат жергілікті əскери басқару органының шақыруы бойынша келмеген жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.
2. Əскери қызметке немесе əскери жиындарға шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырылған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Әскери қызметке жарамды, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен отыз екі жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап жаңа редакцияда; 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде:
әскери басқару органдарына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) (Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын қоспағанда) - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде;
әскери басқару органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) - Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығы негізінде;
2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарына жұмылдыру дайындығы, Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.
Əскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылуға жататын əскери міндеттілер əскери міндеттілерді курстық даярлық бағдарламасы бойынша əскери даярлық курсынан өтеулі негізде өтуге құқылы.
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
1. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығы негiзiнде және осы Заңда белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
2. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған әскери міндеттiлер мен әскерге шақырылушыларға жұмыс (қызмет) орны бойынша толық есеп айырысу жүргізiледі, нақты жұмыс iстеген уақыты үшін жалақы, жұмыстан шығу жәрдемақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемдері төленеді. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың өздерi тұрған тұрғын алаңы сақталады. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттік қамсыздандыру (жәрдемақылар, зейнетақылар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жергіліктi атқарушы органдар, ұйымдар жұмылдыруды жүргiзу кезiнде, соғыс жағдайы енгізілген және соғыс уақыты кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар етуді және оларды шақыру пункттеріне немесе әскери бөлiмдерге (мекемелерге) жеткiзуді қамтамасыз етуге міндеттi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға мынадай негіздер бойынша:
2) білім алуды жалғастыру үшін;
4) басқа да себептер бойынша беріледі.
2. Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру тиісті білім беру деңгейіндегі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын азаматқа азаматтарды əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларына сəйкес бүкіл оқу кезеңіне беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтарға, егер осы ұйым Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сəйкес білім беру қызметін жүзеге асырған жағдайда беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру білім берудің əрбір деңгейі үшін бір рет беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан азаматқа əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру резидентурада, магистратурада немесе докторантурада оқу кезінде тиісінше бір рет беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру шет мемлекеттердің оқу орындарында қашықтан оқытуды қолдану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.
5. Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге - жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;
2) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге - денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына - олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне;
4) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға - тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) құқық қорғау органдарының жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сəйкес запасқа қойылған азаматтарға осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында, 3, 4 жəне 5-тармақтарында көзделген жағдайларда əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
7. Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды.
8. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру кезiнде азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыру тоқтатыла тұрады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жеке өтінішін, ал осы баптың 2-тармағына сəйкес кейінге қалдыруға құқығы болған кезде - мүдделi адамдардан нотариат куəландырған тиiстi құжат ұсынылған кезде азаматтар азаматтарды əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқылы және әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
10. Осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады.
36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
1. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген;