(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ...

Предыдущая страница

4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;

5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;

6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.

2. Әскери жиындарға шақырудан:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар;

2) мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;

3) ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне;

2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, оқу жылы кезеңiне;

5) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;

6) әскери мiндеттi әйелдер;

7) әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;

8) он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;

9) оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;

2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген әскери міндеттілер арнаулы әскери жиындардан өтуден босатылмайды.

4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған азаматтарды қоспағанда, əскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды əскерге шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен өздерінің қалауы бойынша əскери қызметке шақырылуы мүмкін.

Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, əскери жиындарға шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды əскерге шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында жəне əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен тиісінше өздерінің қалауы бойынша əскери жиындарға шақырылуы мүмкін не əскери міндеттілердің курстық даярлығынан өте алады.

6. Соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.

7. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген әскерге шақырудан босату үшін негiздерiнің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгiленген тәртіппен әскерге шақырылуға жатады.

 

 

6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ

 

37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың уәкілеттi лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасады.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:

1) мерзiмнің өтуi бойынша;

2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;

3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi және әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың әскери қызметті өткеру туралы келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасаспастан өткередi. Осы әскери қызметшілерге келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты осы Заңның талаптары қолданылады.

Аталған әскери қызметшiлер лауазымнан босатылғаннан кейiн Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртiппен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімі бар жəне алты ай қызмет өткерген мерзiмдi əскери қызметтегі əскери қызметшілер Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.

Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Офицерлік құрамды əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілер əскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кiруге құқылы.

 

38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:

келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретіндер үшін - он екі жыл және алты ай;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін - он екі жыл және алты ай;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін - он жыл;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары барлар үшін - бес жыл;

келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кіретіндер жəне кемінде он екі жыл жəне алты ай үздіксіз əскери қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі барлар үшін - үш жыл қалғанға дейін;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мыналарды:

әйелдерді;

медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар ерлерді;

оқудың бір жылы өткеннен кейін əскери оқу орындарынан, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген адамдарды, ал оқудың екі жылы өткеннен кейін - оқудан шығарып жіберілген ұландарды қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада (əскери факультетте) оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.

Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:

1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;

3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

5) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;

8) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден және (немесе) медициналық куəландырудан өтпеген;

10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан, құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адам қабылданбайды.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;

қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған, осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң əскери қызметке кіруге құқылы болатын;

əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзғаны үшін қызметтен шығарылған, осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге құқылы болатын адамға қолданылмайды.

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңның 2-бабына сәйкес 11-тармақтың үшінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Адамдар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді;

ҚР Конституциялық Сотының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 27-НҚ нормативтік қаулысымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 8) тармақшасымен өзара байланысты болу үшін қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмағаны үшін әскери қызметтен шығарылған адамдардың әскери қызметке және құқық қорғау қызметіне кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 11) тармақшасы осы құқықтық шектеудің мөлшерлестігінің болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылды

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері) немесе зайыбы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған адам қабылданбайды.

14) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.

Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Денсаулық жағдайына байланысты келісімшарт бойынша әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.

4. Сондай-ақ мыналар:

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;

2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;

3) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39-бап. Азаматтардың əскери, арнаулы оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына түсуге:

1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;

2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;

3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.

Азаматтардың əскери, арнаулы оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Əскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сəтті өткен жағдайда:

жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;

əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;

еңбек сіңірген жылдары кемінде он бес жыл болатын əскери қызметшілердің, сондай-ақ теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары жиырма жəне одан көп жыл болатын əскери қызметтен шығарылған адамдардың балаларының;

қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының;

«Алтын белгі» белгісімен наградталған адамдардың;

тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші - үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.

Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.

2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Əскери-дəрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылданбайды.

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын əскери оқу орындарының түлектеріне «лейтенант» əскери атағы беріледі.

Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге «сержант» əскери атағы беріледi.

Әскери-медицина факультетінің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының бесінші оқу жылын аяқтағаннан кейін беріледі.

Әскери интернатура бағдарламалары бойынша не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының алтыншы курсында оқуын жалғастыратын әскери қызметшілер әскери интернінің ауыспалы құрамының әскери лауазымында әскери қызмет өткереді.

 

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды; 2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 39-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті

2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі - Ұлттық қорғаныс университеті) əскери оқу орны болып табылады.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жолдамасы бойынша əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің, мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің және мемлекеттік органдардың азаматтық персонал адамдары қашықтан оқытуды қолдана отырып қана білім алады.

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Ұлттық қорғаныс университетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, әскери резидент-дәрігер, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.