«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 419 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
8-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
заңды тұлғалар өкілеттіктерін куәландыратын құжатты;
жеке тұлғаның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхатты;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі);
адвокаттар қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама ұсынады;