(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН...

Предыдущая страница

3-9. Гибридті топ әкімшісі гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымда бекітілген шекті тариф болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

3-10. Гибридті топ тұтынушысы электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға құқылы.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)  

3-11. Гибридті топ әкімшісіне:

1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);

2) келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi.

5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.

6-тармақ 2006 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды

6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

6-3. Электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру үшін энергия беруші ұйымдар кəсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын жасасуға міндетті. Шарт энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құнына (шығындар тізбесі) ақы төлеу жүргізілгеннен кейін жасалған деп есептеледі.

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. Энергия өндіруші ұйымдар - гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуға мiндеттi.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-1. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде:

1) осы Заңға сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;

2) осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері;

3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылары өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;

4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;

5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары төлейді.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 7-2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар, оның ішінде инвестициялық тарифті алушылар және цифрлық майнерлер, олар осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде төлейді.

Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 4) тармақшасында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді.

2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың бірінші басшылары, техникалық басшылары (бас инженері), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшылары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруден өткеннен кейін тағайындалады.

Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдық пен тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға білімін тексеруден өтуге және тиісті қолжетімділігі болуға міндетті.

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суаратын сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін экспорттық өнім берулер мен тауар алмасуды қоспағанда, электр энергиясын Қазақстан Республикасынан тыс жерге сату уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының профициті жағдайында ғана экспортталатын электр энергиясын өндірудің өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша жүзеге асырылады.

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды

10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілетін электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының тапшылығы жағдайында ғана жүзеге асырылады.

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарының талаптары:

1) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алуы-сатуы;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде және үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясын қабылдауды (жеткізуді) қамтамасыз ету жағдайларына қолданылмайды.

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды

12. Энергия беруші ұйымдар меншікті электр беру желілері мен кіші станциялардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды

13. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға келісімшарт жасалған, жоспарланатын және желіге жіберу үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

14. Цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық кіші станциялардан ғана береді.

Осы тармақтың талаптары:

1) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылар өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерге;

2) тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік және өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың электрондық көшірмелерін ұсынған кезде және энергия беруші не энергия өндіруші ұйым берген техникалық шарттардың орындалуын растаған кезде 2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуды жүзеге асырған цифрлық майнерлерге қолданылмайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

15. Энергия беруші ұйымның энергиямен жабдықтаушы ұйымды таңдауда тұтынушыға кедергі жасауына жəне шектеуіне тыйым салынады.

2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

16-тармақ 2028 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады

16. Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйым дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын басқа энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алу-сату шарты негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын сатып алуға құқылы.

 

2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды

13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

1. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымға өзінің электр желілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға құқылы.

Электр желілерінің меншік иесі электр желілеріне өздері қосылмаған энергия беруші ұйымға мұндай электр желілерін беруге құқылы емес.

2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілері, өз мұқтаждары үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, электр желілеріне өздері тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.

3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін электр желілерінің меншік иесі:

1) осы баптың 1-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымның қарамағына толық бергенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға және олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің электр желілеріне қосылған тұтынушылардың электрмен жабдықталуын тоқтатуға алып келетін әрекеттерге жол бермеуге;

3) өзінің желілері бойынша тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өзінің электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бүлінуіне) алып келетін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

4. Электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығымен тиесілі электр желілерін өздері желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, өңірлік электр желілік компания мұндай беруге кедергі келтіруге құқылы емес.

5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер жүйелік операторға қолданылмайды.

6. Энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын және:

1) диспетчерлік технологиялық басқарудың;

2) электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің;

3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүйелік қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттардың;

4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуын қамтитын талаптарға сай келуге тиіс.

Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет тарифтеріне немесе олардың шекті деңгейлеріне осы тармақта көзделген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды орындауға байланысты шығындарды қосуға жол берілмейді.

7. Жаңадан құрылатын энергия беруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген, электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.

8. Энергия беруші ұйымдар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабында белгіленген жағдайлар басталған кезден бастап бір жылдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметке тарифті қайта бекітуді қамтамасыз етеді.

 

 

4-тарау. Электр энергиясы нарығының жұмыс істеуі негізінде энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру

 

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

14-бап. Электр энергиясының нарығы

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасында энергиямен жабдықтау электр энергиясы нарықтарының жұмыс iстеуi жағдайларында жүзеге асырылады.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Электр энергиясы нарықта тауар болып табылады.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарынан тұрады.

4. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жүйелiк оператор, өңiрлiк электр желiлерi компаниялары мен электр желiлерiн иеленетiн өзге де ұйымдар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен электр энергиясы нарығына нарықтың барлық қатысушыларының еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.

2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi ұйымдар, нетто-тұтынушылар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр желілеріне қосудан, сондай-ақ оларға электр энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7. Электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну кезiнде туындайтын қатынастар электр энергетикасындағы тиiстi шарттармен реттеледi.

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы:

1) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты электр энергиясының көтерме сауда нарығынан;

2) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының нақты және жоспарлы көлемдері арасында операциялық тәулікте туындайтын сағаттық теңгерімсіздіктерді физикалық және кейіннен қаржылық реттеу мақсатында жұмыс істейтін нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығынан;

3) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуы негізінде де, жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының ұлттық стандарттарда белгіленген сенімділігін және электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне жүйелік қызметтер көрсетуі негізінде де жұмыс істейтін жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығынан;

4) электр қуаты нарығынан тұрады.

2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы:

1) спот - сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргiзудi жүзеге асырады;

2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) бір жылға электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

3) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткiзуiне тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) сауда-саттыққа қатысушылар, энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушының берген өтінімдері (беру күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы ақпаратты және сауда-саттық нәтижелерін (мәмілені жасасу күні мен уақыты, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) қамтитын электр энергиясы мен қуаты сауда-саттығының қорытындыларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) жүйелік оператормен келісуден кейін өзінің интернет-ресурсында сауда-саттыққа қатысушылар, берілген өтінімдер (берілген күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы және сауда-саттық нәтижелері (күні, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) туралы ақпаратты қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттық туралы ақпаратты күн сайын жариялайды;

4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясының орталықтандырылған саудасының ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келуiн айқындайды;

5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергиясын сатып алу-сату жөнiнде жасалған мәмiлелердi тiркеу мен есепке алуды жүзеге асырады;

6) өз құзыретi шегiнде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерiн орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясының индикативтiк бағалары жөніндегі ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етедi.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша қаржылық өзара есеп айырысуды ұйымдастырады және жүргізеді.

2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

 

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-1-бап. Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлеу тәртібі және оған қойылатын талаптар

1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.

Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жылдық ең жоғары электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуатының теңгерімі бөлігінде мыналар ескеріледі:

1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасаған, тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;

2) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;

3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бұрыннан бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;