«Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегi № 694 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерінің нысанды киімдерінің үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
бұйрықтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті қамтамасыз етсін:»;
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтердің қызметкерлерімен зерделеуді ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.»;
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;