Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешімі
(2013.15.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 506-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Орман пайдалану төлемінен түскен қаражат жергілікті бюджет кірісіне жіберілсін.
3. Орман пайдалану төлемақысының ставкалары мөлшері мәліметін төлемшілерге жеткізу «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (келісім бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келісім бойынша) ұсынылсын.
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 тіркелген, «Ақтөбе» газетінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 52-53 және «Актюбинский вестник» газетінің 2007 жылғы 3 мамырындағы № 54-55 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 342 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Қ. ТОҚТАРОВ | Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ОРДАБАЕВ |
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236
облыстық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға
төлемақы ставкасы