«Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 324 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 48) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 1-тармағының 48) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттерін, құрылымын және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»
6, 7, 8 және 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салалық ішкі жүйелер:
азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органдарда;
азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда құрылады.
Салалық ішкі жүйе, оның құрылымына негізделген сілтемелер мыналарды:
азаматтық қорғауды басқару органдарын;
басқару пункттерін;
азаматтық қорғау күштері мен құралдарын;
байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін;