Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 қазандағы № 824 Қаулысы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын қағаз саласының тауарларын ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.
2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін.