(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2002 Ж. 24 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 951 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 951 Жарлығы

(2006.12.10. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына:

Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ережеде:

6-тармақ "ұсынуы бойынша" деген сөздiң алдынан "ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы құрылымы мен штатын белгiлейтiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi";

17-тармақтағы және 21-тармақтың 2) тармақшасындағы тиiсiнше "мен Талдау орталығы", "және Талдау орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;

21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;";

Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына:

Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев Кеңес құрамына енгiзiлсiн;

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Кеңес құрамынан шығарылсын;

Александр Сергеевич Павловтың лауазымы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бiрiншi орынбасары";

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.