ҚР СТ ISO 24803-2018 «Әуесқойлық дайвинг қызметі. Әуесқойлық дайвинг қызметінің провайдерлеріне қойылатын талаптар»

ҚР СТ ISO 24803-2018

Әуесқойлық дайвинг қызметі
Әуесқойлық дайвинг қызметінің провайдерлеріне қойылатын талаптар

 

(ISO 24803:2017 Recreational diving services

Requirements for recreational scuba diving service providers (IDT)

 

 

Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Жалпы талаптар

5. Экологиялық талаптар

6. Тыныстық түтікшемен экскурсия жасау

7. Кіріспе суға сүңгу

8. Су астында жүзуге дайындық және үйрету

9. Ұйымдастырылған дайвинг және қадағалаумен жүргізілетін, сертификатталған дайверлерге арналған дайвинг

10. Дайвингке арналған құрал-саймандарды жалға беру

Библиография

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт су астында әуесқойлық жүзу саласындағы қызметтердің провайдерлеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарт қызмет көрсетудің мынадай салаларын белгілейді:

- суға сүңгу бойынша кіріспе шаралар;

- тыныстық түтікшемен экскурсия жасау;

- дайындық және үйрету;

- сертификатталған дайверлерге арналған, қадағалаумен ұйымдастырылатын және жүргізілетін дайвинг;

- тыныстық түтікшемен экскурсия жасау және дайвингке арналған құрал-саймандарды жалға беру.

Осы стандарт фридайвинг (тыныс алудағы үзіліс) бойынша қызмет көрсетуге қолданылмайды.

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік құжаттар қажет. Күні белгіленбеген сілтемелерге (барлық өзгерістерін қоса алғанда) сілтемелік құжаттың соңғы басылымы ғана қолданылады.

ISO 11121:201V1 Recreational diving services - Requirements for introductory programmes to scuba diving. (Әуесқойлық дайвинг қызметі. Аквалангты дайвинг бойынша бастауыш жаттығу бағдарламасына қойылатын талаптар).

ISO 24801-1:20142 Recreational diving services - Requirements for the training of recreational scuba divers - Part 1: Level 1 - Supervised diver. (Белсенді демалыс пен көңіл көтеруге арналған дайвинг. Дайверлерді дайындау кезінде қауіпсіздікке қойылатын ең төменгі талаптар. 1-бөлім. 1-деңгей - Қадағаланатын дайвер).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.