2-2. Гемопоэздік, мезенхималық дің жасушаларын, иммундық жүйе жасушаларын, лимфоциттерді алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау жəне транспланттау медициналық қызмет бейініне сəйкес жасушаларды транспланттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ «Назарбаев университеті» медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.
Гемопоэздік дің жасушаларын алу, дайындау, сақтау, тасымалдау жəне аутологиялық транспланттау медициналық қызмет бейініне сəйкес гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық транспланттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, бейінді медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.»;
18) 247-баптың 8) тармақшасы «шеңберінде» деген сөзден кейін «жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:
163-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «туысы» деген сөзден кейін «немесе жұбайы (зайыбы)» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 14-баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде:
«əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына,» деген сөздер алып тасталсын;
«əкімшілігіне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ республикалық жəне (немесе) жергілікті бюджеттерден əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 30-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:
екінші абзацтағы «жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті бюджеттер есебінен төленетін жарналардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;»;
3) 31-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес жергілікті атқарушы органдар төлейтін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;»;
4) 32-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес жергілікті атқарушы органдар төлейтін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;»;
5) 67-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «бюджетпен» деген сөз «жəне жергілікті бюджеттермен» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-10) тармақшамен толықтырылсын:
«14-10) Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес адамдардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттің жарналарын төлеуді жүзеге асырады;».
7. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 15-жолының 3-бағанында:
2-тармақ «трансплантология» деген сөзден кейін «: ағзалар (ағзалардың бөліктері) трансплантологиясы, тіндер (тіндердің бөліктері) трансплантологиясы, консервацияланған мөлдірқабық тіні трансплантологиясы, жасушаларды транспланттау, гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық транспланттау» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «трансплантология» деген сөзден кейін «: ағзалар (ағза бөліктерінің) трансплантологиясы, тіндер (тін бөліктері) трансплантологиясы, консервацияланған мөлдірқабық тіні трансплантологиясы, жасушаларды транспланттау, гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық транспланттау» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
3) тармақша «азаматтардың» деген сөзден кейін «денсаулық сақтау бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «жариялылық қағидаттарына негізделеді.» деген сөздер «жариялылық;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) жəне 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекеттің қатысуына қарағанда жарналарды өз бетінше төлеудің басымдығы;
8) мемлекеттің, жұмыс берушілердің жəне азаматтардың міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыруға теңгерімді қатысуы;
8-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
9) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражаттың қайтарымдылығы қағидаттарына негізделеді.»;
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алпыс ай бойы жарналарды үздіксіз төлеген жəне (немесе) өздері үшін аударымдар төлеу жүзеге асырылған адамдарда (осы Заңның 26-бабының 1-тармағында жəне 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда) аударымдарды жəне (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, аударымдарды жəне (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығы сақталады. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін жарналарды міндетті түрде төлеуден босатпайды.»;
3) 6-бапта:
2-тармақтағы «Азаматтардың» деген сөз «Өздері үшін қорға аударымдар жəне (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сəйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «азаматтарда» деген сөз «өздері үшін қорға аударымдар жəне (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сəйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 5-2) тармақшасы «1-тармағында» деген сөздерден кейін «жəне 26-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 14-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;
8-тармақтың 6) тармақшасы 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
6) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) тармақшалармен жəне 4) тармақшадағы «кіруді қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «кіруді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ақпарат ашық қолжетімділікте болмаған жағдайда медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының сұрау салуы бойынша медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарға сəйкестігін растайтын рұқсаттардың жəне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың бар-жоғы туралы мəліметтерді ұсынуды;
3-2) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жəне (немесе) міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің шығыстары туралы мəліметтерге қордың қол жеткізуін;»;
«4-1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен денсаулық сақтау субъектілерінен қаражаттың қорға қайтарылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
7) 17-бапта:
1-тармақта:
2-1) тармақшадағы «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен есептелген» деген сөздер «осы Заңның 27-бабының 2-2-тармағында жəне 28-бабының 5-2-тармағында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «бюджет қаражатына», «қажеттілік» деген сөздер тиісінше «республикалық бюджет қаражатына», «осындай қажеттілік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңның 26-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «осы Заңның 26-бабының 1-тармағына сəйкес» деген сөздер алып тасталсын;
8) 18-баптың 5-1-тармағының екінші бөлігі «1-тармағында» деген сөздерден кейін «, 26-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 9-1), 9-2) жəне 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) медициналық қызметті рұқсат беру құжаттарынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз) жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісіне жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты сомасының 10 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын қолдануға;»;
«9-1) осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастыруға жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жіберуге;
9) тармақшаның төртінші - тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
9-2) тоқсан сайын өзінің ресми интернет-ресурсында:
есепті кезеңде түскен қаражат көлемін;
сомаларын көрсете отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек түрлеріне бөлінетін қаражат туралы мəліметтерді;
көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға төленген қаражат туралы мəліметтерді;
қордың əкімшілік шығыстары туралы мəліметтерді жариялауға;
9-3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдауға;»;
10) 26-бапта:
тақырып «сақтандыруға» деген сөзден кейін «республикалық бюджет қаражатынан төленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «сақтандыруға» деген сөзден кейін «республикалық бюджет қаражатынан төленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар» деген сөздер «жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тəрбиелеп отырған анаға немесе əкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын жəне төленетін мемлекеттік жəрдемақыны алушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1) тармақшадағы «бірінші», «жұмыс істемейтін адамдар» деген сөздер тиісінше «жұмыс істемейтін, бірінші», «адамдарға берілетін мемлекеттік жəрдемақыны алушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
2033 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
2035 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.
Бұл ретте мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.»;
3-тармақ «мемлекеттің» деген сөзден кейін «республикалық бюджет қаражатынан төленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «мемлекет» деген сөз «мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары
1. Мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары:
1) субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кəсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
2) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған жəне əлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін төленеді.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жұмыс істемейтін адамдар деп кəсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын жəне кірісі жоқ адамдар түсініледі.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тəртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тəртіппен ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін ай сайын, мұндай адамдар міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінген күнге тура келетін айдан кейінгі айдың алғашқы он жұмыс күні ішінде төленеді.
3. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4. Мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы мемлекеттің жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.»;
12) 27-бапта:
2-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердің барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс жəне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
13) 28-бапта:
5-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс жəне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.
Жұмыс беруші жəне (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген жəне төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы «1-тармағында» деген сөзден кейін «, 26-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 3-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын, 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) жəне 11) тармақшаларын, 8-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 6) тармақшасын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші жəне тоғызыншы абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, он үшінші жəне он бесінші абзацтарын, 16) тармақшасының сегізінші жəне тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 14 шілде
№ 206-VIII ҚРЗ