«Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 Қаулысы

«Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 35 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.