Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 580 бұйрығына
1-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
1. Осы Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу электр станцияларының диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауыты металының нормативтік шығысын айқындауға арналған.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) электр станциясы - электр және жылу энергиясын өндіруге арналған, құрылыс бөлігін, энергияны түрлендіруге арналған жабдықты және қажетті қосалқы жабдықты қамтитын энергетикалық объект;
2) сауыт - беріктігі, тұтқырлығы мейлінше жоғары, көрсеткіштердің жоғары деңгейінде тұрған басқа да механикалық параметрлері бар материалдың қорғағыш қабаты, осы қабатпен қапталған объектіге күші мен қарқындылығы жағынан әртүрлі әсерге тосқауыл функциясын орындайды;
3) дымқыл қоңыр көмір - құрамында 10 %-дан астам ылғал бар қоңыр көмір.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Жоғары дәрежеде дымқыл қоңыр көмірді жағуға желдеткіш диірмендері бар оттықтар арналған.
4. Диірмен-желдеткіш соққылармен жабдықталған қалақты аспап түріндегі ротордан тұрады және сауыт пен сепаратордың ішкі жағынан қапталған металл корпуста болады. Отынды ротордың соққылары үгітеді.