«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 338 бұйрығы

«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 338 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Бидайды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Бсат = ((Бнар*Ииф) - ҚҚС - Рөңдеу - Шөңдеу)/Кқ,

мұнда:

Бсат - сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

Бнар - алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

Ииф - инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);

ҚҚС - қосылған құн салығы;

Рөңдеу - өңдеудің рентабельділігі (10%);

Шөңдеу - тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

Кқ - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

Нсуб = Бкеп.сат - Бсат,

мұнда:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.