«Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 332/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 332/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 27963 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аутентификация токені - бастамашының және (немесе) оператордың түпнұсқалығын қосымша тексеруге арналған белгілі бір сандар мен әріптер жиынтығы түріндегі электрондық кілт;

2) банк - коммерциялық ұйым болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға;

3) бастамашы - дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салуға бастамашы болатын цифрлық жүйе;

4) верификация токені - бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректер субъектісінен келісім алғанын растауға арналған белгілі бір сандар мен әріптер жиынтығы түріндегі электрондық кілт;

5) дербес деректер - дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.