«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 233 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығы

«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 233 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 56 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

«3-1-тарау. Ветеринария саласындағы жедел ден қою шаралары

«21-1. Осы өлшемшарттар шеңберінде қолданылатын жедел ден қою шараларына мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес келмейтін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

2) ветеринария саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.