(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАНКРОТ МҮЛКІН САТУ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОНДЫ Ө...

Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы

(2025.03.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.11.04. № 162 бұйрығымен (2025 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Қаржы министрінің 2022.11.01. № 22 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.11.04. № 162 бұйрығымен (2025 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д. Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.