«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 254 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 254 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік кірістер органы талапты алғаннан кейін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Салық кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кетуінің дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру (бұдан әрі - тақырыптық тексеру) тағайындайды.

Бұл ретте тақырыптық тексеру Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін тағайындалады.

Осы тармақтың ережелері, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты Салық кодексінің 433 және 434-баптарына сәйкес оның ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын қараған кезде қолданылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.