«Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы (2026.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы

(2026.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.15.12. № 346-Ө бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 195) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетінің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орман билетінің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы 23 ақпан

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 11 наурыз

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 9 ақпан

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.