Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 бұйрығы
(2017.30.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 272-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 3-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.