«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 434 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32901 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Білім алушы платформада сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша ұсынылған курстарды өз бетінше таңдайды.
Қажетті практикалық дағдыларды алу үшін білім алушы виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып Оқытуды таңдайды.»;
мынадай мазмұндағы 81-1 және 81-2-тармақтармен толықтырылсын:
«81-1. Виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып Оқытуды таңдағанда, білім алушы алдымен платформада профильге сәйкес курстан өтеді.