«Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 167 Қаулысы

«Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 167 Қаулысы

 

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207401 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:

15-тармақ келесідей 37), 38), 39), 40), 41), 42) тармақшалармен толықтырылсын:

«37) мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту, бағдарламалары негізінде гранттар тартуға арналған өтінімдерді қалыптастырады;

38) облыстың бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;

39) бесжылдық кезеңге арналған облысты (аумақтарды) дамыту бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, аудандар мен қалаларды (аумақтарды) дамыту бағдарламаларын әзірлеу, түзету және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

40) өңірлік даму мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіреді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.