(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛ...

Осы редакция 2019 ж. 1 қыркүйекке дейін қолданылған редакция

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 31 қазандағы

№ 604 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармағына сәйкес әзірленді және мыналарға:

1) оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;

2) тәрбиленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;

3) тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне;

4) оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.

2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:

1) ата-аналар дағдылары - баланың дене, зияткерлік және эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, оның әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, тиісті мінез-құлықты қалыптастыру үшін қажетті дағдылар;

2) әлеуметтендіру - қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті білім, білік, дағдыларды, нормаларды, қағидаларды меңгеру арқылы баланың әлеуметтік ортаға ену процесі;

3) әлеуметтік дағдылар - бала мектепке дейінгі жаста меңгеретін өзара әлеуметтік әрекеттің әдістері мен тәсілдері;

4) интеграция - мазмұнның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы байланысты орнататын процесс;

5) ерте дамыту - баланы туғаннан бастап үш жасқа дейін дене, зияткерлік және эмоционалдық дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

6) заттық-кеңістіктік дамытушы орта - мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі;

7) инклюзивті білім беру - барлық тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.