«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 228 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, қайта игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды және елді мекендерді абаттандыру кезінде тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының қол жетікізуі қамтамасыз етіледі.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аумағында орналасатын автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде халықтың iс-қимылы шектеулi топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындар көзделеді.
Тұрғын аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің (білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің) орналастырылуын ескерусіз көппәтерлі тұрғын ғимараттарды (үйлерді) салуға жол берілмейді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимарттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөніндегі жобаларды іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: