«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 378-VI Заңы (күші жойылды)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2021 жылғы 30 қарашадағы № 76-VII Заңымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2021 жыл - 2 700 000 000 мың теңге;

2022 жыл - 2 400 000 000 мың теңге;

2023 жыл - 2 200 000 000 мың теңге.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 93-құжат; «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2020 жылғы 5 қарашада жарияланған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

         Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 24 қараша

            № 378-VI ҚРЗ