«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 369 бұйрығы

«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 369 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 98 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережеде:

5-тармақ мынадай редакция да жазылсын:

«5. Комиссия отырыстары Комиссия төрағасы бекіткен график бойынша өткізіледі және онда Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

Министрлік департаментінің директоры болып табылатын Комиссия мүшесі болмаған жағдайда оны директордың орынбасарынан төмен емес лауазымды атқаратын тиісті Департаменттің қызметкері ауыстырады.

Министрлік департаментінің директорының орынбасары болып табылатын Комиссия мүшесі болмаған жағдайда оны басқармасының басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын тиісті Департаменттің қызметкері ауыстырады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.