«Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығы (2026.13.06. берілген өзгерістермен)

Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығы

(2026.13.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 195 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.06.11. № 423 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының екінші абзацына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.06.11. № 423 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.