«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 195 бұйрығы
БҰЙРАМЫН:
1. «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11963 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері: