«Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы (күші жойылды)

Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 50 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Ж. Буркитбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

2021 жылғы 31 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-140 бұйрықпен бекітілді

 

 

Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.