Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 25 мамырдағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 150 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджет параметрлері өзгерген жағдайда, республикалық бюджет тиісті қаржы жылы ішінде нақтыланған кезде жүргізіледі.
Елді мекендерді бөлу немесе бөліп шығару жолымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрылған, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген жағдайда борышты бөлу жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған шарттарды ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері негізінде жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау жүргізіледі.»;
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.