Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 407/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы» 2023 жылғы 27 қарашадағы № 582/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы біліктілік жөніндегі салалық кеңесінің құрамына:
Олжабеков Мәлік Серікұлы - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, салалық кеңес төрағасының орынбасары;