«Ротарикс (ротавирусты инфекцияның профилактикасына арналған адамның моновалентті аттенуирленген сұйық тірі вакцинасы), ішуге арналған суспензия, 1,5мл (1 доза)» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 168-НҚ бұйрығы
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары» туралы 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімінің 10-тарауының 161 тармағына және 160-тармақтың а) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ротарикс (ротавирусты инфекцияның профилактикасына арналған адамның моновалентті аттенуирленген сұйық тірі вакцинасы), ішуге арналған суспензия, 1,5мл/1 доза», өндірушісі «ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз с.а.», Бельгия, тіркеу куәлігінің нөмірі ЛП-№000043-РГ-KZ дәрілік заттының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.