Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 131 бұйрығы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобаcын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымына өтеусіз беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі