(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ ҮЛГІ СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ҚАҒИДАЛАР...

Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығы

(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.15.04. № 206 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 169 бұйрығымен (2023 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2026.11.06. № 144 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.