«Жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № 255 бұйрығы

Жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № 255 бұйрығы

 

«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жемдік қорды басқару жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі

2025 жылғы 21 тамыздағы

№ 255 бұйрығымен бекітілген

 

 

Жемдік қорды басқару жөніндегі

қағидалар


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жемдік қорды басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 32-8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жемдік қорды басқару тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.