«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Жол жүруге өтемақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына төленеді:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 2 еселенген мөлшерінде.»;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектеріне - жылына бір рет 2 еселенген АЕК мөлшерінде;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.