«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 177 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 177 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында:

60-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«60. Егер жылу энергиясын беруде үзілістер болған немесе тиісті емес сапада берілгені туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның журналында тіркелмеген жағдайда тұтынушының жылуды пайдалану қондырғысының пайдаланылуына жауапты тұлға (кондоминимум объектілері бойынша, мүліктің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – ММИБ) және (немесе) жай серіктестік (бұдан әрі – ЖС) бұл туралы энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымға жазбаша өтінішпен немесе телефонограммамен уақытын, беру күні және тапсырған адамның тегін, жылу энергиясының сапасы төмендей бастаған (болмаған) уақытты, нашарлау сипаты және энергиямен жабықтау және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың өкілдерінің қатысу қажеттігін көрсетіп хабарлайды.».

62-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«62. Тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, ММИБ, ЖС) тиісті техникалық жай-күйді сақтайды және жалпы үйдің (үйдің ішіндегі) жылыту жүйесі мен ыстық сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу құралдарының (үйге ортақ) және үйге ортақ меншікті құрайтын басқа жылу тұтынатын құрылғылардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсатында тұрмыстық тұтынушыларға жылу энергиясын беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым жылумен жабдықтауға арналған жария шартқа сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.