«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 90 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды және келесі топтарда іске асырылады:
Бөбек жасы - 1-3 жас:
ерте жас - 1 жастан бастап (ерте жас тобы);
кіші жас - 2 жастан бастап (кіші топ);
Мектепке дейінгі жас - 3 жастан 1-сыныпқа қабылданғанға дейін:
мектепке дейінгі орта жас - 3 жастан бастап (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас - 4 жастан бастап (ересек топ);
мектепалды жас (мектепалды топ, сынып) - 5 жастан бастап;
«Ерте жастағы топ (1 жастан 2 жасқа дейін)» деген 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: