Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 157 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрған мүлікті өткізу кезіндегі мәмілеге қатысушылар және параметрлері және акциялар, салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметті қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлесі туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;