Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 92/ҚЕ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Коммутациялық жабдықтың құрамында мынадай жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио- және бейне сөйлесулерін, жіберген/алған мәтіндік, графикалық, факсимильді хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және/немесе хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;