«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 177 Қаулысы

 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 177 Қаулысы

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«АЭА-ның аумағы 653,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.»;

2-тармақтың 3) тармақшасындағы «жәрдем көрсету мақсаттарында құрылады.» деген сөздер «жәрдем көрсету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту арқылы Нұр-Сұлтан қаласын жедел дамыту мақсаттарында құрылады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;

«Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.