Осы редакция 2019 жылғы 1 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
43-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының)
зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде: көрсетілетін қызметті берушіден салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қағаз жеткізгіште алу;
2) портал арқылы өтініш жасаған кезде: көрсетілетін қызметті берушіден салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алу.