«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру ж?не өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім ж?не ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 145-НҚ бұйрығы

«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 145-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру жəне өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қағидалардың 2-тармағының 4) және 8) тармақшалары және 20-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.